Атыраулық паралимпиадашылар «Лейпциг Кубогынан» жүлделі оралды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың отырып ойнайтын волейболдан паралимпиадалық командасы «Лейпциг Кубогынан» қола жүлдемен оралды.

«Бұл ірі жарысқа Паралимпиада ойындарының, әлем және Еуропаның отырып ойнайтын волейболдан чемпиондары қатысты. Жартылай финалдың алдында біздің «Атырау» командамыз бес кездесуді өткізіп, Магдебург, Леверкузен және Мысыр спортшыларын жеңді. Лейпциг командасымен тең ойын көрсетсек, украиналық мықты командадан жеңіліп қалдық. Жартылай финалда немістермен өткен кездесу де біз үшін сәтсіз болды, ал үшінші орын үшін күресте командамыз Финляндияның паралимпиадашыларын сенімді түрде жеңді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Германиядан оралған соң халықаралық дәрежедегі спорт шебері, атыраулық команданың жетекшісі Бауыржан Тахауов.

Соңғы жаңалықтар