Атыраулық парадзюдошы халықаралық турнирде «алтын» алды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық парадзюдошы Ерлан Өтепов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері Әнуар Сариев қола медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10-11 желтоқсан күндері Жапонияда парадзюдодан «TOKYO OPEN» халықаралық турнирі өтті.

«Аталған халықаралық турнирдің қазақстандық парадзюдошылар үшін маңызы ерекше болғанын атап өткен жөн. Өйткені, мұндай халықаралық турнирде 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына рейтингілік ұпай сарапқа түседі. Бұл жолы да солай болды. Ал рейтингілік ұпай турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері рейтингін көтеру үшін қажет», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

«TOKYO OPEN» халықаралық турнирінде J1 санаты бойынша +90 келі салмақта бақ сынаған Ерлан Өтепов қарсылас шақ келтірмей, алтын медальға ие болды. Ал Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері 60 келі салмақтағы Әнуар Сариев J2 санатында қол жүлде иеленді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық парадзюдошы Аманжол Жанбота Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-При сайысында жеңімпаз атанғанын хабарлаған болатынбыз[a1] .


Соңғы жаңалықтар