+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атыраулық палуан самбодан әлем кубогінің иегері атанды

2021 жылғы 28 наурыз 23:18
Бөлісіңіз:
Атыраулық палуан самбодан әлем кубогінің иегері атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық палуан Айбек Абдилов самбодан әлем кубогінің иегері атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық спортшы дойбыдан әлем чемпионы атанды Оралда 9-13 жастағы балалар алғаш рет көкпар сайысына түсті Батутта секіруден Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы бір «алтын»

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25-26 наурызда Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеуде самбо күресінен Харлампиев атындағы әлем кубогі өткен.

«Харлампиев атындағы әлем кубогі 1980 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл оған 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додада атыраулық спортшы Айбек Абдилов 64 келі салмақта бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде ресейлік спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда қырғыз палуанынан айласын асырды. Ал, ақтық сында өзбек спортшысын ұтып, Харлампиев атындағы әлем кубогінің иегері атанды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Айбек Абдилов әлемдік сайыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық жас палуан әлем чемпионы атанған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT