Атыраулық өзі оқыған колледждің аудиториясын жабдықтап берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Көлік және коммуникация колледжінің «Көлік құрылғылары» кабинетін жөндеу үшін өз қаражатынан 2 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыру және экономиканы жаңғырту бағдарламасы аясында елімізге білікті қызметкерлер қажет етеді. Кабинет білім беру сапасын арттыру және студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жабдықталды. Осы тұрғыда білім саласына жасалған бұл көмектің маңызы зор», - дейді А. Кораблев.

Сондай-ақ, бүгінгі күні кабинетке демеуші Кораблевтың есімі беріліп, интерактивті тақта, проектор, үстелдер, үш компьютер, принтерлермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта студенттердің білім деңгейін көтеру үшін техникалық әдебиеттерді, плакаттар мен жұмыс модельдерін сатып алу жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар