+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Атыраулық оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енді

2020 жылғы 13 қазан 06:05
Бөлісіңіз:
Атыраулық оқушылардың ғылыми жұмысы халықаралық жинаққа енді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған ғылыми жұмыс В.Курбатов атындағы оқушылардың халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ғалымдарының әрбір 5-ші жарияланымы әлемнің үздік ғылыми журналдарында жарық көреді Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады – Нұрлан Нығматулин Мәжіліс инклюзивті білім беруді сапалы іске асыруға арналған құжатты мақұлдады

Аталған мектептің 8-сынып оқушылары Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова Ресей Федерациясында қашықтан өткен «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми-жобалар конкурсына «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынған. Нәтижесінде ғылыми еңбек ресейлік қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Әзиза мен Ділназ үшінші дәрежелі диплом мен сертификатқа ие болған.

«Атыраулық оқушылардың ғылыми жаңалығы В.Курбатовтың 142 жылдығына орай жарық көрген халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енгізілді. Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтында оқушылардың еңбегі жарияланған ғылыми жинақ сертификаты онлайн түрде табысталды. Бұған дейін Әзиза Абатова мен Ділназ Мүбарактың аталған ғылыми-зерттеу жобасы оқушылардың республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында бас жүлдеге ие болды» -деп хабарлады Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT