Атыраулық оқушылар асфальтқа Астананың келбетін бейнеледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық әкімдігінің маңында қаладағы лагерлер мен қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында асфальтқа сурет салудан арнайы шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі шара Атырау облыстық білім беру басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. «Жазғы лагерь демалушыларының Астананың 20 жылдығына тартуы» деп аталатын шараның негізгі мақсаты баланың елордаға деген махаббатын сурет арқылы көрсету. Балалар жерге салған суреттерінің мазмұнын айтып берді.

Олар Астана қаласындағы əдемі ғимараттар мен Бəйтеректің бейнесін əдемі бояулармен салды. Сонымен қатар, суреттерін облыс əкімі Нұрлан Ноғаев тамашалап, балаларға өз ризашылығын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралардың өтуі балалардың сурет салуға деген қызығушылығын оятады.

«Бізде мамандырылған білім беру ұйымдары бар. Жазда баланың қабілеттілігіне қарай үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерге қатысқан балалар сырлы бояумен, басқада қарындашпен суреттер салды. Балалар өте белсенді қатысты. Қызығушылықтары жоғары болды. Алдағы уақыттарда лагерьдегі балаларды Атырау қаласына саяхат ұйымдастырып, облыстық музейді аралататын боламыз», деді облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.

Шара соңында қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат табысталды. Ал, үздік деп танылған 20 балаға Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы жылы қалада 53 мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыс жасайды. Ал, облыс бойынша 150-ден астам лагерь қызмет жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар