+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Атыраулық НЗМ оқушысы еріктілерге арналған жаңа мобильдік қосымша жасап шығарды

2019 жылғы 11 желтоқсан 16:54
Бөлісіңіз:
Атыраулық НЗМ оқушысы еріктілерге арналған жаңа мобильдік қосымша жасап шығарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бибарыс Ғилаж еріктілердің қызметіне арналған жаңа мобильдік қосымшаны жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР БҒМ: Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтар қыркүйектен бастап үстемақы алады Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ Ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурсы жыл сайын өтетін болады - Асхат Аймағамбетов

Ол «Шаңырақ» ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинаған. Мобильді қосымшаны қолданушылардың бір-бірімен тұрақты хабарласуға және деректер алмасуға мүмкіндігі бар. Мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен келесі жыл елімізде Еріктілер жылы деп белгіленді. Менің білуімше, қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәлімет беретін деректер қоры жоқ. Бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім. «Шаңырақ» ұялы бағдарламасында жергілікті және басқа да аймақтағы еріктілер туралы ақпараттар, олардың өткізетін шаралары туралы хабарламалар жарияланып тұрады. Жобаның баламасы ретінде танымал әлеуметтік желілерді де айтуға болады. Бірақ оларды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері барлық кезде сақтала бермейді. Ал мен дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек. Қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады. Мұнда қажетсіз жарнамалар мен спам ескертулер болмайды», - дейді Бибарыс. Мобильді қосымша Android Studio негізінде Java көмегімен жұмыс істейді. Жақын арада ұялы телефондарға арналған көмекші құрал Play-market-те қолжетімді болмақ. Жас өнертапқыштың бұл жұмысын қазылар алқасы мектепішілік және республикалық кезеңдердегі ғылыми-жобалар сайысында жоғары бағалаған. Соның бірі ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен Қазақстан Жастары Конгресінің инновациялық жобалар байқауы. «Енді авторлық туындыға патент алу және оны кең көлемді қолданысқа енгізу қалды», - дейді Бибарыс Ғилаж.

Оның айтуынша, болашақта бұл мобильді қосымша еріктілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Олардың нәтижелі жұмысын жан-жақты көрсетуге, белсенділер мен жаңа қолданушыларды анықтауға мүмкіндік бермек. Назарбаев Зияткерлік мектебінің болашақ түлегі Бибарыс Ғилаж бағдарламалау курсымен бірнеше жылдан бері айналысады. Ол түрлі облыстық және республикалық IT технологиялар мен робототехника сайыстарының жүлдегері. Ағымдағы жылы АҚШ-тың Стенфорд университетінде бағдарламалау, көшбасшылық және әлеуметтік ғылымдар курсын сәтті тәмамдап шыққан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT