Атыраулық муай-тайшылар Мексикада өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 13-19 мамыр аралығында Мексика елінің Канкун қаласында Муай-тай спортынан әлем чемпионаты өтті. Бұл әлемдік додада Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында үш атыраулық спортшы ел намысын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, жалпы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 күміс және 6 қола медальға ие болды. Оның 1 күмісі мен 1 қоласын  атыраулық спортшылар иеленіп отыр.

null
51 келі салмақта Еламан Саясатов ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Финалда Еламанның қарсыласы тайландтық спортшы болды. Қос қарсыластың бұл төртінші кездесуі, олар барлық әлемдік додалардың ақтық сынында жолығып келе жатқанын айта кету керек.

60 келіде Ищан Галиев қола жүлдеге ие болды. Ол осы салмақта чемпион атанған Ресейлік спортшыдан жартылай финалда ұтылған болатын.

Айта кетелік, спортшыларымыз 2017 жылы Минскіде және 2016 Швецияда өткен әлемдік додада осы нәтижені көрсеткен болатын.

null

Соңғы жаңалықтар