Атыраулық ММА шебері үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ММА-дан тұңғыш рет біріккен Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 250-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, қаңтар айында Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтіп, үздік атанған спортшылар ел чемпионатына аттанған болатын. Нәтижесінде Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді еншіледі.

61,2 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Олжас Молдағалиев қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

52,2 келі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионы Ерұлан Қабдулов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында былтырғы ересектер арасындағы әлем чемпионымен жолыққан болатын. Тағы бір күміс жүлдені 56,7 келі салмақ дәрежесінде Әділхан Аязбаев еншіледі.

Айта кетелік, Бердібек Сиражов (52,2 кг), Шыңғысхан Қамалов (65,8 кг) және Думан Балмұханов (83,9 кг) ел чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Соңғы жаңалықтар