Атыраулық меценат паралимпиадашыға баспана сыйлады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бірнеше жылдан бері пәтер тапшылығын көріп келген атыраулық паралимпиадашы Медет Сұпығалиев ойда жоқта баспаналы болды. Оған бұл қуанышты Атырау қалалық мәслихатының депутаты, өңірге белгілі меценат Әлібек Семғалиев сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Исатай ауданының тұрғыны Медет Сұпығалиевтың тағдыры туралы алғаш рет әлеуметтік желі бетінде оқып, мүмкіндігі шектеулі азаматтың қайсарлығына таң қалғанмын. Оның жігері жасымай, отбасын құруы, спорт саласында үлкен жетістікке жетуі көпшілікке үлгі боларлықтай. Үш баласымен әр жерде пәтер жалдап, сандалып жүргенін, әрі тұңғышы сирек кездесетін қан ауруына шалдыққанын естігеннен кейін көмек қолын созуды жөн деп ұйғардым. Бүгін Медетке өзі қалаған жайлы пәтерді сыйға тарттық. Егемен еліміздің тағы бір отбасы жағдайын түзеп, еңсесін көтерді. Мүмкіндік болса жақсылық жасап жарысайық. Қайырымдылық - қанымызда бар қасиет!» - дейді депутат Әлібек Семғалиев.
null

Айта кету керек, Әлібек Семғалиев осыған дейін қиын жағдайға тап болған жалғызбасты көпбалалы әкеге және еліміздің көк байрағын көтеріп, атағын асқақтатып жүрген чемпионға баспана сыйлаған.

1 топ мүгедегі Медет Сұпығалиев үш баланың әкесі. Қол күресінен Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жуырда спорт шебері атағын алған.

null null

Соңғы жаңалықтар