Атыраулық құтқарушылар Қызыл кітапқа енген бірқазанды аман алып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық құтқарушылар Қызыл кітапқа енген бірқазанды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сирек кездесетін құс кеше 27 желтоқсанда Жайық өзеніндегі көпірдің астынан табылған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушы Есболат Каюпов бастаған аранйы қызмет өкілдері бірқазанның қанаты сынғанын анықтады. Сол себептен, құс ұшып кете алмаған. Өзенде қатқан мұзға құлаған болуы керек. Құтқарушылар «Қызыл» кітапқа енген бірқазанды Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясына тапсырды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жол жабылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар