USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

2021 жылғы 2 желтоқсан 14:55
Бөлісіңіз:
Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысының әкімі Бибісара Асаубаеваны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28-30 қарашада Румыния Республикасының астанасы – Бухарест қаласында пара-қол күресінен әлем чемпионаты өткен.

«Әлем чемпионатына 44 мемлекеттің үздік спортшылары сынға түсті. Қазақстан Республикасының намысын қорғаған құрама командасы сапындағы атыраулық 2 спортшы 2 күміс және 1 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы ауыр салмақта Әсия Нәбиева оң және сол қол күресінен екі күміс жүлдені иеленді. Ерлер арасында 90 келіде бақ сынаған Аслан Қайрошев оң қол күресінен қола жүлдегер атанды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT