Атыраулық кикбоксшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Түркияның Анапа қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында атыраулық Жандос Назарбеков жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіләлемдік кибоксинг қауымдастығы екі жылда бір рет ұйымдастыратын әлем біріншілігіне Жандос Назарбеков 60 келі салмақта қарсылас шыдатпады. Ол 2017 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының да жеңімпазы.

Жандос іріктеу кезеңдерінде Марокко, Норвегия және Қырғызстан елдерінің өкілдерін ұтса, ақтық сында украиндық қарсыласынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар