+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атыраулық кикбоксшы әлем кубогін екінші рет иеленді

2021 жылғы 20 қыркүйек 01:50
Бөлісіңіз:
Атыраулық кикбоксшы әлем кубогін екінші рет иеленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық кикбоксшы әлем кубогін екінші рет иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 15-19 қыркүйекте Мажарстанда кикбокстан әлем кубогі өткен.

«Будапешт қаласында ХХVІ рет жалауы желбіреген әлем кубогі сайысына 45 елден 3 000-нан астам спортшы қатысты. Бұл додада Атырау облысынан бақ сынаған спортшылар 5 медальды иеленді. Спортшыларымыздың еншісінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Мәселен, 67 келіде ел намысын қорғаған Азамат Өтемісов әлем кубогін екінші рет иеленді. Ал, 51 келіде қарсыластарынан басымдық танытқан Нұрсұлтан Жұмабаев алтын медальды жеңіп алып, әлем кубогінің иегері атанды. Ал Роман Зубариев (51 келі) күміс, 57 және 67 келіде сынға түскен Жанәли Сәлімгерей мен Серікжан Сәлімгереев қола медальға ие болды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын қазақстандық джиу-джитсу спортшысы Азияның үш дүркін чемпионы атанғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT