+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Атыраулық келіншек қайын атасының 2 млн теңгесін ұрлап кетті

2019 жылғы 17 сәуір 22:54
Бөлісіңіз:
Атыраулық келіншек қайын атасының 2 млн теңгесін ұрлап кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында келіні қайын атасынан 2,8 млн теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотында азаматша М.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол үй іші ұйықтап жатқанда қайын атасының пәтерінен киім-кешек, бағалы әшекей бұйымдары мен ақша ұрлады деп айыпталды. Қылмыстық әрекеттен жәбірленушіге 2 808 000 теңге мөлшерінде залал келген», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Басты сот талқылауында сотталушы айыбын мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Қылмыстық істі тоқтатуды өтінді.

«Сотта жәбірленуші ұлының жұбайы әрі немерелерінің анасы болғандықтан сотталушыны кешірді. Ол қылмыстық іс өндірісін тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Келтірілген залал толық қайтарылып, тараптар келісімге келгендіктен, сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатты», - деді соттың баспасөз қызметі.

Автор: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Сот,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT