Атыраулық кәсіпорын төтенше жағдайға 10 млн теңге бөлді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында «НефтеСтройСервис» ЖШС төтенше жағдай кезінде тұрғындарды дәрі-дәрмекпен, азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуге 10 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы серіктестік директоры Бекет Оспанов мәлім етті.

Оның айтуынша, серіктестік басшылығы Елбасы Үндеуін қолдап, халықтың денсаулығынсақтау үшін дәрі-дәрмектер мен азық-түліктер сатып алуға қаржылай көмек беруді көздеген. Себебі, бүгінгідей күрделі кезеңде мемлекетке, елге қолдау көрсетілуі тиіс.

«Біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» ғана бұл сынақтан аман-есен өте аламыз. Қазір халыққа ең қажеттісі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмек. Осыған орай, біз кәсіпорын есебінен 10 миллион теңге бөліп отырмыз. Өйткені, елдің елдігі де, бірлігі де осындай кезде танылады» - дейді «НефтеСтройСервис» ЖШС директоры Бекет Оспанов.

Соңғы жаңалықтар