Атыраулық кәсіпкерлер азық-түлік жәрмеңкесінде бағаны өсіріп жіберген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы рейдтік іс-шаралар нәтижесінде ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысушы 19 кәсіпкермен келісімшарт бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен қалалық кәсіпкерлік бөлімі рейдтік іс-шаралар өткізіп, негізгі 19 өнім түрінің баға тұрақтылығы тексерілді. Кәсіпкерлерді тексеру нәтижесінде кейбір ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы негізсіз өсірілгені анықталды.

«Жергілікті тұрғындардың Сарайшық қалалық базарында баға қымбаттауына байланысты шағымдары бойынша Атырау қаласының ӘКК мен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бірлесіп, жұмыс тобын құрды. Рейд нәтижесінде 19 кәсіпкердің заң бұзғаны анықталды. Олармен жасалған келісімшарт бұзылды», - дейді Руслан Давлетов.

Айта кетейік, 2018-2019 жылдар аралығында тұрақтандыру қорына 1,535 тонна ауыл шаруашылық тауарларын кепілдендіру жоспарлануда. «Атырау» ӘКК»  «ҰК» АҚ өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта көкөністерді жинау жұмыстары жүргізілуде.

«Тұрақтандыру қорына 1270 тонна картоп, 115 тонна пияз, 100 тонна сәбіз және 111 тонна қырыққабат қойылады. Бағалар арнайы комиссияның шешімімен бекітіледі. Олар нарық бағасынан 10-15%-ға төмен болады», - деп хабарлады «Атырау»ӘКК» ҰК» АҚ департамент бастығы Дмитрий Дю.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар