Атыраулық кәсіпкер төтенше жағдай кезеңінде 50 адамның үйіне ыстық тамақ жеткізіп тұрмақ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық бизнесмен мұқтаж адамдарға көмек қолын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданы әкімдігі коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейтуде. Кәсіпкерлердің қолдауымен ауданда мұқтаж адамдарға неғұрлым қажет тауарларды жанаспай жеткізу ұйымдастырылып отыр. Және елдегі төтенше жағдай кезінде бизнес құрылымдар қайырымдылықпен белсенді айналысуда.

«Егде адамдардың көшеге шықпауына көңіл бөліп отырмыз. Жалғызбасты егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекті күшейтеміз. «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС (бас директоры – Александр Прокопец) демеушілік қолдауымен елде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде 50 жалғызбасты егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ыстық тамақ олардың үйлеріне жеткізіліп отырады. Бұл көмек төтенше жағдай аяқталғанша жалғаспақ. Яғни, демеушілер осы кезеңде елу мұқтаж адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді», - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шакиров.

Бұл халықтың неғұрлым осал топтарына көрсетіліп жатқан көмектің бір ғана мысалы. Бұл басқа да кәсіпкерлерге үлгі болмақ .

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға жасаған үндеуінде билік тарапынан халық пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтқан болатын. Соның ішінде, ТЖ жағдайында халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр.


Соңғы жаңалықтар