Атыраулық кәсіпкер аудандағы жалғыз соғыс ардагеріне автокөлік сыйға тартты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жеңіс мерекесіне орай, облыстық мәслиxат депутаты, жылыойлық кәсіпкер Айтбай Сисенов майдангер Қапес Ибраевқа «Нива» автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр ауданымызда Екінші дүниежүзілік соғысының екі ардагері болатын. Мереке қарсаңында оларға құрметімізді көрсеттік. Бізді бейбіт күнге жеткізген батырларымыздың арасынан биыл жалғыз ғана ардагеріміз - 93 жастағы Қапес ақсақал ғана ортамызда. Отан үшін от кешіп, қан майданда жауға беріспеген ержүрек батырларымыздың өлшеусіз еңбегінің алдында бас иеміз»,- дейді кәсіпкер Айтбай Сисенов.

Еске сала кетелік, дүние жүзі тарихына ең қанқұйлы соғыс атауымен енген 1941-1945 жылдардағы қан майданға кезіндегі Гурьев, қазіргі Атырау облысынан соғысқа аттанған жауынгерлер саны - 73 мың. Сұрапыл соғыста 25 мың атыраулық қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар