Атыраулық кәсіпкер 40 отбасына азық-түлік таратты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кәсіпкер Әлібек Семғалиев ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа қарсы күресте арнайы қор құру жөніндегі ұсынысын қолдап, «Біз біргеміз» акциясы аясында Исатай ауданындағы тұрмысы төмен 40 отбасына азық-түлік таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақытты күндеріңнің қадірін басыңа іс түскенде білерсің» демекші, әлемді жайлаған індет көпшілікке қолда барды бағалауды үйретіп жатыр. Кең дүниенің бір мезетте тарылмасы анық. Сондықтан, сабыр сақтайық. Төтенше жағдай да, кейбір шектеулер де – баршамыздың сақтығымыз үшін жасалған қадам. Қазақ – талай қиындықты жеңген, ертеңгі күнге сеніммен қараған халық. Біз бұл сыннан да аман-есен өтеміз», - дейді кәсіпкер.

Әлібек Семғалиевтің сөзіне сенсек, төтенше жағдай енгізілгелі бері мұқтаж жандарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуды бастаған.

«Кеше Исатай ауданындағы 40 отбасына азық-түлік апарып бердім. Бұл игі бастамаға, қайырымдылық іске барлық кәсіпкер атсалысса екен» -дейді Әлібек Семғалиев.


Соңғы жаңалықтар