Атыраулық каратеші Бауыржан Күмісқалиев әлем чемпионатында үздік атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 3-5 қараша күндері Астана қаласында каратэ-до киокушинкайдан (KWF) екінші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 мемлекеттен 900-ден астам спортшы қатысқан әлемдік додада атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев чемпион атанды.

75 келі салмақта 32 спортшы бақ сынады. Бауыржан іріктеу кезеңдерінде Болгария, Польша және Армения елдері өкілдерінен басым түсті. Жартылай финалда қазақстандық спортшыны тізе бүктірсе, ақтық сында ресейлік спортшыны ұтты.

Айта кету керек, Бауыржан 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. 2014 жылы Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар