Атыраулық дзюдошы Қытайда Азия кубогын жеңіп алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 14-15 шілде аралығында Гонконгта дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 17 елінен 125 жас татами шебері Қытайда белдесті. Атыраулық жас балуандар 1 алтын және 1 қола медальға ие болды. Спортшылар 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Махамбет Рахмет Азия кубогында қарсылас шақ келтірмеді. Ол алдымен іріктеу кезеңінде Оңтүстік Кореялық спортшыны жеңді. Екінші кезеңде жерлесі Мақсат Абдрахманды  жарыс жолынан шығарды. Махамбет жартылай финалда чех балуанын ұтса, ақтық сында тайпейлікті жеңіп, Азия кубогының иегері атанды.

Махамбеттің финалға шығуы Мақсатқа қола жүлдеге таласуға мүмкіндік ашты. Ол жұбаныш кездесуде Корей балуанын артта  қалдырды. Ал, қола жүлде үшін болған белдесуде австралиялық спортшыны ұтты.

null

Осылайша қос балуанымыз Азия кубогынан олжалы оралды. 

Соңғы жаңалықтар