Атыраулық Дмитрий Ли Паразиада ойындарында күміс жүлде алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Индонезияның Джакарта қаласында Паразиада ойындарының екінші жарыс күні мәресіне жетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, атыраулық спортшы Дмитрий Ли 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдегер атанды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз жарыс жеңімпазы атанған ирандық спортшыдан 1 секундқа қана қалып қойды. Үздік үштікті Үндістандық спортшы түйіндеді.

Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні спортышымыз 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанған болатын. Спортшымыз әлі бірнеше қашықтықта сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар