Атыраулық бойжеткен экстремистік жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық бойжеткен желіде экстремистік жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 453-бабы, 1-бөлігі бойынша жасы кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Кәмелетке толмаған Ж. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында экстремистік материалдарды, яғни Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған дәстүрлі емес уағызшылар «Ибн Усаймин» және «Ділмұрат Абу Мухамад» діни материалдарының дыбыс жазбаларын жүктеп, осы уағыздарды өзі тыңдаған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сотта кәмелет жасына толмаған Ж. кінәсін толық мойындады. Сотқа қатысқан анасы қызының әрекеті үшін кешірім сұрады.

Айта кетелік, сот Ж.-ны жауапкершіліктен босатып, заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелік ықпал ету шарасын қолданды.

Соңғы жаңалықтар