Атыраулық бизнесмендер сотталған 90 адамды жұмыспен қамтыды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық кәсіпкерлер еңбекпен түзеу орындарында қамауда отырған азаматтарды жұмыспен қамтуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

«Арнайы режимдегі мекемелерде өздерінің қызметін осы уақытта шағын және орта бизнес саласындағы 7 кәсіпорын жалғастыруда. Ерлер колониясында 2 кәсіпорын, ал әйелдер колониясында 5 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қамауда отырған 90 адам жұмыспен қамтылған»,-деді облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының жеткшісі Дияс Жәнібеков.

Оның ақпараттарына қарағанда, өздерінің өнімдерін, яғни қағаз пакеттер, тігін өнімдері мен ағаш бұйымдарын кәсіпкерлер облыста саудаға салады. Олар өз тауарларын саудалау үшін көрші аудандармен байланысқа шығуда.

«Біз оларға жазасын өтеу орындарында отырған адамдардың қолынан шыққан өнімдерінің таныстырылымын жасауға қолдау көрсеттік»,-деді Жәнібеков.

Соңғы жаңалықтар