Атыраулық бес студент халықаралық шәкіртақыға ие болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атыраулық бес студент Гейдар Әлиев атындағы шәкіртақы иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы халықаралық қатынастар департаментінің ұйымдастыруымен Әзербайжан Республикасының 100 жылдығына арналған және мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің 95 жылдығына арналған шара өткен болатын.

Бұл шараның мақсаты- екі елдің арасында достық қарым-қатынасты дамыту, татулық пен бірлікті нығайту.

Аталмыш университеттің студенттеріне 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде тағайындалып келген Әзербайжан Республикасының Тұңғыш Президенті Гейдар Әлиев атындағы шәкіртақы беріледі.

Шараға Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Эльхан Зейналов мен «Новруз» Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов арнайы келіп, оқумен қатар қоғамдық жұмыстардағы белсенділігімен көзге түскен бес студентке атаулы шәкіртақыны табыстады. Стипендияға дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері Парасат Жұмабай мен Райымбек Ашықбаев, Ерлан Бабаш, шетел тілі мамандығының студенті Фаризат Арыстан мен дефектология мамандығының студенті Әсемгүл Қожаева ие болды.
null
null

Аталған шара аясында Әзербайжан тарихы мен тәуелсіздігіне үлесін қосқан мемлекет қайраткерлері туралы деректі фильм, фотосуреттер көрмесі көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар