Атыраулық бапкер әлем чемпионатында жүлдегер атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық бапкер Хайдар Есенғалиев әлем чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 4-8 маусымда Ташкент қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өткен.

Әлем чемпионатына 38 елден 240 спортшы қатысты.

Атыраулық спортшы Хайдар Есенғалиев өзін-өзі қорғау бойынша ауыр салмақта бақ сынады.

«Ол Қырғыз Республикасының қос спортшысы мен Румынияның өкілдерін ұтты. Ал, жартылай финалда Өзбекстан спортшысына есе жіберді. Сөйтіп, ол әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Хайдар Есенғалиев – қоян-қолтық ұрыстан Атырау облысының аға жаттықтырушысы. Әлем және Азия чемпиондарын дайындап шығарған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық парадзюдошы Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар