Атыраулық балық өңдеушілер 500 келі қара уылдырықты сатуға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраулық балық өңдеуші кәсіпорындар 500 келі қара уылдырық саудалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Атырау облысы - балық шаруашылығын дамытуға аса көңіл бөліп отырған өңірлердің бірі. Қазір тоғанда екі мекеме қызыл балық түрлерін асыраумен айналысып жатыр. Олардың жобалық көрсеткіштері: компаниялардың бірі жылына 60 тонна балық және 1 тоннаға дейін қара уылдырық, ал екінші кәсіпорын 100 тонна тауарлы балық еті және 1 тоннаға дейін қара уылдырық өндіріп отыр», - деді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазіргі таңда балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы қызу жүріп жатыр.null 

«500 келіге жуық қара уылдырықты өндіріп, кәсіпорындар оны өзімізде және алыс-жақын шетелдерге сатуға мүмкіндік алып отыр. Бізге балық аулауға берілген квотаны қазіргі таңда балық саласында қызмет атқарып жүрген 17 мекеме толығымен қолдануда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Әкім өз сөзінде атап өткендей, балық саласындағы 17 мекеменің екеуінде еурокод бар. Яғни, ол кәсіпорындар өнімін Еуропа елдеріне өткізу мүмкіндігіне ие. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өзендерді тереңдету жұмысының арқасында балықшылар Қиғаш, Жайық өзендерінде балық түрлерінің көбейгенін байқаған.

Соңғы жаңалықтар