Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының иегері атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-3 қазанда РФ Қазан қаласында самбо күресінен «А»

санатындағы халықаралық турнир өткен.

«Бұл халықаралық додада балуандар самбодан Татарстан Президентінің Кубогы үшін бақ

сынады. Биыл турнирге 16 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде Атырау

облысынан сынға түскен самбошылар 1 алтын, 3 күміс жүлдеге ие болды. Мәселен, спорттық самбодан 58 келіде күрескен Қайырберді Айдынбай Татарстан Президенті кубогының иегері атанды. Ал, Парасат Жұмабай 64 келіде күміс жүлдеге ие болды. Сондай-

ақ, аталған додада жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев (58 келі) пен Айбек

Әбділов (64 келі) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі», -деп хабарлады

басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық балуан самбодан әлем кубогының иегері

атанғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар