Атыраулық балуан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық балуан Қаһарман Кисметов грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан құрлық додасында жерлесіміз 77 келі салмақта сынға түсті.

Облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, Қаһарман алғашқы кездесуінде қырғыз балуанынан басым түсті. Кейін үндістандық спортшыны ұтты. Үшінші белдесуде жарыс қожайынын қапы қалдырса, тек Иран балуанына есе жіберіп алған.

Айта кету керек, Қаһарман бұған дейін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Ендігі мақсаты - әлем чемпионатының шыңын бағындыру.

null

Соңғы жаңалықтар