USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атыраулық азамат Алматыға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

2022 жылғы 14 қаңтар 10:21
Бөлісіңіз:
Атыраулық азамат Алматыға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының тұрғыны Әділ Жұбанов Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады 4 пайыздық автонесие: 20 пайыздық алғашқы жарна жойылады Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы әзірленуде

«Биылғы жыл жан түршігерлік оқиғадан басталды. Халқымыз үшін осындай бір қиын-қыстау кезеңінде, сондай-ақ, Президентімізді және оның «Күшіміз бірлікте» деген ұранымен басталған үндеуін қолдай отырып, көмек көрсетуді жөн көрдім. Қаңтардағы қайғылы оқиғаның біздің мемлекетімізге қаншалықты шығын әкелгені бәрімізге мәлім. Өртенген ІІМ автокөліктері, әскери машиналар және жедел жәрдем көліктері. Бүгінгі күні бүкіл халық бірлесіп қолынан келгенше өз көмегін көрсетуде. Мен және менің отбасым халқымызға шұғыл көмек көрсету мақсатымен жедел жәрдем көлігін сыйлайық деп шештік»,- Әділ Жұбанов.

Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Ұлықбек Медеубековтың айтуынша, жедел жәрдем көлігі гемодиализден амбулаторлық түрде емделіп жатқан пациенттерді тасымалдау үшін қолданылады.

«Мұндай көмек медициналық көмек көрсетуді жақсарта түсуі абзал және де бұл бізге өте маңызды» - дейді Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT