Атыраулық әйел пәтерінде жүйкеге әсер ететін дәрілердің 1 мыңға жуық данасын сақтаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 48 жастағы әйел пәтерінде психотроптық дәрілердің 1 мыңға жуық данасын сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, кеше, 28 наурызда пәтерінде​ психотропты дәрілердің ірі партиясын заңсыз сақтаған әйел ұсталған.

«Ұсталған әйелдің пәтерін тінту жүргізу кезінде 114 дана «Трамадол», 18 дана «Лирика» пластинкасы, 82 дана «Тропикамед» ақ түсті құтысын, 10 дана «Сомнол» пластинкасы, жатын бөлмесінен 725 дана «Тропикамед» құтысы табылды. Сондай-ақ, азаматтардың жеке басын куәландыратын 35 куәлігі мен құжаты, 1 млн 375 мың теңге тәркіленді. Күдікті психотроптық есірткі заттарын қарызға алған адамдардың құжаттарын кепіл ретінде алған. Бір пәтерде психотропты дәрілерді заңсыз сатқан. Ал, көрші пәтерде көп мөлшерде психотропты дәрі сақтаған», -дейді Нұрхат Оразбаев.

Қазір ұсталған әйелге қатысты тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотропты дәрі тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар