+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Атыраулық Асылбек Бекімов жүздеген жанды тілсіз жаудан аман алып қалған

2019 жылғы 19 қазан 16:53
Бөлісіңіз:
Атыраулық Асылбек Бекімов жүздеген жанды тілсіз жаудан аман алып қалған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жүздеген адамның өмірін аман алып қалған құтқарушы Асылбек Бекімов бүгін кәсіби мерекесін тойлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды полицейлері 9-қабаттан секірмек болған келіншекті құтқарды Астанада 13-қабаттан құлауға шақ қалған 6 жасар бала құтқарылды Құтқарушылар көлікке қысылып қалған ер адамды аман-есен шығарып алды

Бүгінгі әңгімеміз өз мамандығын жаңылмай тауып, сол жолда еңбектеніп жүрген азамат Асылбек Бөлегенұлы туралы болмақ. Ол 1985 жылы 27 сәуірде Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Отан алдындағы борышын өтеп келген Асылбек Бөлегенұлы ары қарай еңбек жолын осы отанға қызмет етуге арнаймын деп шешті. Ол 12 жыл бойы өрт сөндіру саласында талмастан еңбек етіп келеді.

Еңбек жолын 2007 жылы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекттік мекемесінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде өрт сөндіруші қызметінен бастаған. Өзінің ептілігімен, еңбекқорлығымен ерекше көзге түсіп, 2011 жылы №4 өрт сөндіру бөліміне бөлімше командирі болып тағайындалды. Ол Атырау қаласында болған ірілі-ұсақты өрттерді ауыздықтаған. Тілсіз жаумен күресте асқан ептілік, шапшаңдық, қырағылық қажет. Өрт кезінде отқа оранған ғимаратқа кіріп, ондағы адамдарды сыртқа шығару керек.

«Дәл осы сәтте өз өмірім емес, сондағы зардап шегуші мен командамнын амандығы бірінші орында тұрады. Сондай үлкен өрттің бірі 2009 жылы 31 қаңтар таңғы сағат 5 шамасында Атырау қаласының облыстық ауыруханасында болды. Ғимараттан 250 адамды шығардық. Сол сәтте ауыр халдегі және төсекке таңылған науқастарды өрттен терезе арқылы арқанмен 3-қабаттан шығардық. Жалпы ауруханадан ауыр халдегі 31 науқас, одан бөлек 201 науқас пен медицина қызметкерлерін құтқардық», - дейді Асылбек Бөлегенұлы.

Сондай-ақ, 2018 жылдың маусым айында 9 қабатты «Ақжайық» қонақ үйінде болған ірі өртте екі адамды апаттық саты бойынша құтқарып шығарған және Ж.Молдағалиев көшесінде орналасқан 5 қабатты №30 үйдің 3-4 ші қабаттарынан 11 адамды автосаты және дәліз арқылы құтқарып, далаға шығарған. Бұл - нағыз батылдық.

Асылбек Бөлегенұлы атқарған адал қызметіне орай бірнеше рет марапатталған. Төтенше жағдай жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін кеуде белгісімен, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» төбелгімен, «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» төсбелгісімен және басқа да көптеген алғыс хаттармен марапатталған.

Өрт сөндіру кезінде лаулап жанып жатқан ғимаратқа кіргендегі сезім мүлде басқа. Алда не күтіп тұрғанын білмейсін. Дәл сол сәтте тек өз ісінің майталманы ғана мұндай тәуекелге барады. Осындай ерлік көрсетіп, өз өмірін халқына арнаған ержүрек ерлеріміз барлық мақтауға лайық.

Асылбек Бөлегенұлы - қазіргі таңда аяулы жар, ардақты әке, отбасының тірегі, сонымен қатар тамаша маман, адал дос. Үш ұлдың мақтанышы, асқар тауы. Өзінің осы еңбек жолында жас ұрпаққа үлгі бола білген. Тілсіз жаумен күресте командасына дұрыс бағдар беріп,әрдайым алдыңғы сапта жүреді. Жұмыстастарының арасында өзінің сабырлы, салмақты мінезімен ізін жалғап келе жатқан іні-бауырларына үлгі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT