+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Атыраулық 9 жасар шахматшы Азия чемпионы атанды

2018 жылғы 19 шілде 13:07
Бөлісіңіз:
Атыраулық 9  жасар  шахматшы Азия чемпионы  атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық 9 жасар шахматшы Зарина Нұрғалиева Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, 8-15 шілде аралығында Шри-Ланканың Калатура қаласында шахматтан 7-17 жасар мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті. Оқушылар арасындағы 14-ші Азия чемпионатында әлемнің 16 елінен 7-ден 17 жасқа дейін 400 спортшы қатысты. Қазақстандық шахматшылар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жеңіп алды. Атыраулық шахматшы қыз Зарина Нұрғалиева «рапид» түрі бойынша күміс және «блиц» түрі бойынша алтын медальға ие болды. Тағы бір спортшымыз Аят Абдуллаев командалық есепте қола жүлдеге ие болды.

null

Кеше Атырау темір жол вокзалында жеңімпаздарды туған-туыстары және облыстық спорт басқармасының қызметкерлері салтанатты түрде күтіп алды.

«Атыраулық үш спортшымыз да өте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы құрлық чемпионатына жан-жақтан қатысушылар көп келді. Оның өзі жылма-жыл бәсекелестіктің артып келе жатқанын көрсетеді. 9 жасар Заринаның шахматпен айналысып жүргеніне екі жылға жақындап қалды», - дейді жаттықтырушысы Жәнібек Аманов.

Айта кету керек, Заринаның бұл шетелдегі алғашқы жарысы. Соған қарамастан жерлесіміз ең үздік атанып отыр. Облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Сабырбай Гайсин Атырауда шахмат спорты өте жақсы жолға қойылғанын атап айтты. Ел біріншіліктерінде спортшыларымыз табысты нәтиже көрсетіп жүр.


null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT