Атыраулық 9 жасар қыз екінші мәрте әлем моделі атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық тоғыз жасар қыз екінші мәрте әлем моделі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәриям Ишанғалиева Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында тұрады. Биыл тоғыз жасқа толып, 3-сыныпты бітірген. Былтыр да «Әлем моделі-2021» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған еді.

Аталған халықаралық таланттар мен сұлулық байқауы Ресей Федерациясындағы Сочи қаласында өтті. Байқауға әлем елдерінен 100-ден астам үміткер қатысты.

Қазақстаннан қатысқан Мәриям Ишанғалиева бірінші орынға қоса «Әлемдік модель-2022» титулын жеңіп алды. Жеңімпаз қазақстандыққа «Жер шарының сұлуы-2022» байқауына шақыру табысталды. Бұл байқау тамыз айында Мәскеуде өтеді.

«Мариям қатысушылардың көптігін көргенде, біраз уайымдады. Себебі, өз еліндегі ең мықты модельдер келді ғой. Биыл Мәриям қазақтың ұлттық киімімен сахнаға шықты, Ұлттық киім Мәрияның бағын жандырды. Қазылар алқасының мүшелері де, фотографтар Мариямның өзіне сенімді болғанын атап өтті», -дйді Арайлым Қарабалаева.

Байқау 4 кезеңмен өткен. Соның бәрінде де Мәриям жоғары балл алған.

Енді Мариям Ишанғалиева қыркүйекте Түркияда өтетін сән апталығына шақырту алды. Ал, қазан айында Дубайға осындай осындай апталыққа барады.

«Кішкентай кезінен биге әуес болды. Кейін жарнамалық роликтерге түсті. Бірақ, мектептегі сабақ үлгерімін төмендеткен жоқ. Жыл сайын үздіктер қатарынан көрініп жүр», -дейді анасы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық 8 жасар қыз әлемнің супермоделі атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар