Атыраулық 3 студент Конституцияны жатқа айтып, білім грантын жеңіп алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық студенттер Конституцияны жатқа айтып, оқу грантын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атырау қаласында «Конституцияны жатқа білемін!» атты дәстүрлі байқау ұйымдастырылды. Ол биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен байқауға 16 ЖОО-дан студенттер қатысты. 
null 

Білім сайысын ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев Конституцияның елдегі ішкі тәртіпті, азаматтардың ерік-жігері мен бостандықтарын белгілейтін бірден-бір құжат екенін айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
null 

«Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қатысушылар онлайн-тест сынағында құқықтық сауаттылықтарын сарапқа салды. Сыннан сүрінбей өткен жетеуі екінші кезеңге жолдама алды. Келесі кезеңде олар билет суырып, онда көрсетілген бапты түгел жатқа айтып шықты», - дейді шара ұйымдастырушылары. 

Айта кетелік, байқау қорытындысы бойынша 3 студент Нұрдәулет Бағытжан, Гүлнұр Галиева мен Назерке Нұрмұқановалар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 жылдық оқу грантына ие болды.

null null 

Соңғы жаңалықтар