Атыраулық 250 оқушы Астанаға экскурсияға аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Темір жол вокзалынан Астана қаласына балалардың алғашқы тобынан 100 бала аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Менің Отаным Қазақстан" жобасы аясындағы үш күндік экскурсия Алматы және Астана қалаларында өтеді. Ұйымдастырушылар - Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. 

Экскурсия аз қамтылған отбасылардың балалары және облыстағы үздік оқушыларға арналған. Үш күндік демалысты жергілікті бюджет қаржыландырады.

"Жалпы саны 250 оқушы шілде-тамыз айлары аралығында еліміздің ірі қалаларында жазғы демалысын өткізеді. Астанадағы 3 күнде балалар тариxи-мәдени орындармен, ЭКСПО көрмесімен, кітапxана, мұражайлармен танысады",-дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бас маманы Алмас Купжанов.

Балалардың қауіпсіздігі үшін жетекші ұстаздар мен медицина мамандары бірге барады. 

Айта кету керек, Атырау облысында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылдың 16 маусымында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалыс орнына барып, 2 апта демалып қайтқан болатын.                  

Соңғы жаңалықтар