Атыраулық 21 жастағы бойжеткен жігітінен 2 млн теңге бопсалаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 21 жастағы бойжеткен жігітінен 2 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға 18 жастағы жігіттен бопсалау дерегіне қатысты шағым түскен.

«Атырау қаласында 21 жастағы бойжеткен бірнеше рет өзінен екі жас кіші азаматтан ақша бопсалаған. Бойжеткен жігіттен 2 млн теңге алған. Кейін одан 1 млн 540

мың теңге талап еткен. Осыдан кейін 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, көмек сұраған. Айтуынша, азаматша оны «зорлау» дерегімен үстіңнен қылмыстық іс

қозғатамын деп қорқытып келген. Алайда жас жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталды. Екеуі әріптес болған. Ол өзін бопсалау жолымен ақша талап етіп жүрген бойжеткенді Шымкент қаласында тұратын ата-анасымен таныстырған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдікті бойжеткенді шымкенттік азаматтан 500 мың теңге көлемінде қорқытып ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде азаматшаның деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды.

Қазір 2000 жылы туған бойжеткенге қатысты Қылмыстық Кодексінің 194-бабының 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жұмыстан шығып қалған жігіттің кек алу үшін зауытқа бомба қойылды деп хабарлағанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар