+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

2021 жылғы 3 қыркүйек 10:50
Бөлісіңіз:
Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды Қазақстанда Шахматтан рапид және блицтен әлем чемпионаты өтеді Күйеубала қайын атасының атына 4 млн теңгеден аса несие рәсімдеген - Атырау

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен

жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан әлем кубогы өткен.

«Әлем кубогына 1-20 тамызда Tornelo.com платформасы арқылы іріктелген жас шахматшылар қатысты. Соның бірі – атыраулық Зарина Нұрғалиева.

Спорт шеберлігіне үміткер санатын иеленген шахматшы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста қола жүлдеге ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз

қызметі.

Әр санаттағы үздік үш қатысушы ФИДЕ-нің жүлде қоры 30 000 еуроны құрайтын 2021 жылғы онлайн кубогы үшін өтетін суперфиналға қатысуға үміткер болады.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық дзюдошы Еуропа кубогында жеңімпаз

атанғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT