USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырауға жыл басынан бері 182 қандасымыз көшіп келді

2021 жылғы 23 тамыз 21:07
Бөлісіңіз:
Атырауға жыл басынан бері 182 қандасымыз көшіп келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына биылғы жеті айда жат жерде ұрпақ өрбітіп, ата дәстүрін берік ұстанған 123 отбасы көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда алиментін төлемеген борышкердің көлік жүргізу куәлігін пайдалануы уақытша тоқтатылды Сапалы жоспарлау стандарты: Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасы қалай іске асады Түркістан облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адам тартылады

Осылайша, ата-бабасының тамыры жайылған атажұртының бір уыс топырағын аңсап жеткен 182 қандастың көңілі бір демделді.

– Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды, –деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT