Атырауға жақын жерде мұнайлы көл пайда болды
2018 жылғы 6 маусым 08:11

Атырауға жақын жерде мұнайлы көл пайда болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудан 70 шақырым қашықтықта мұнайға толы шағын көл пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнайға толы көлдің пайда болғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Онда қолданушылардың бірі видео жүктеген. Таспада Махамбет ауданы Таңдай ауылына жақын жердегі суат түсірілген. Суаттың бетінде мұнайдың қалқып жүргенін байқауға болады. Бұл ауыл Атыраудан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Видеоға байланысты Атырау облысы экология департаменті пікір білдірді.

«Мұнайдың су бетіне шығу фактісі туралы барлық жауапты органдарға хабарланды. Қоршаған ортаның ластану мәселесі бақылауға алынды. Қосымша ақпарат қосымша хабарланатын болады», - деді экология департаментінде.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT