Атырауға ұшақтың шұғыл түрде қонуына не себеп болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жолаушылар Атырауға шұғыл түрде қонған түркиялық «Бойнгте» не болғанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Түркиялық әуе компаниясының чартерлік рейсі бүгін Ресейдің Новосібір қаласынан таңғы сағат 8-00-де Анталияға ұшып шықты. Жолаушылардың барлығы орындарына отырып, тынышталған кезде терезе сыртынан тарсылдаған дауыс шықты. Уақыт өте келе тарсылдаған дыбыс үдей түсіп, оның двигательден екені айқын сезілді. Содан соң бізге ұшақтың Атырау әуежайына мәжбүрлі түрде қонатындығын айтты. Бортта ешқандай дүрлігу болған жоқ. Бәрі қалыпты жағдайда өтті, ұшақ та ештеңе болмағандай қиындықсыз қонды»,-деді жолаушылардың бірі Наталия Балутина.

Айта кетейік, Боинг -737 ұшағы Атырауға жергілікті уақыт бойынша сағат 10-03-те қонды. Осы кезде ұшақты көру үшін Астанадан арнайы мамандар бригадасы келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар