Атырауға түнде келетін жолаушыларды автобуспен тасымалдайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қалаға түнде келген жолашыларды автобуспен тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы таратқан

ақпаратқа сүйенсек, осы мақсатқа 10 автобус бөлінген.

«Атырау облысында да төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізілді.

Осыған орай Атырау қаласына түнгі мезгілде келетін адамдар арнайы автобустармен

тасымалданады. Жолаушыларды теміржол вокзалы мен Х.Доспанова атындағы

халықаралық әуежайдан қаланың шағын аудандарына, шаһар маңында орналасқан елді

мекендерге жеткізу үшін 10 автобус тасымалы ұйымдастырылып отыр», -делінген

басқарма таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коменданттық сағат талабы 121 мәрте бұзылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар