Атырауға «Спутник V» вакцинасының тағы 3 600 дозасы жеткізіледі
2021 жылғы 1 сәуір 01:41

Атырауға «Спутник V» вакцинасының тағы 3 600 дозасы жеткізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына Спутник V вакцинасының тағы 3 600 дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпаннан бері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 3 600 дозасы жеткізілген.

«Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 3 532 адам салдырды. Ал, екінші компонентін 1 013 адам алды. Екі айда вакцина салдырғандардың арасында 1 599 медқызметкер, 1 413 педагог, 478 полицей бар. Сондай-ақ, мемлекеттің қызметтің 42 өкілі вакцина салдырды. Енді алдағы күндері тағы да тағы да «Спутник V» вакцинасының 3 600 дозасы жеткізіледі» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында наурызда 95 мың ПТР-тест жүргізілгенін жазған едік.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT