Атырауға «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 10 мың дозасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға «Спутник V» вакцинасының II компонентіне арналған 10 мың доза жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, вакцина дозалары Ақтөбе қаласындағы фармацевтикалық хабтан жеткізілген.

«Өңірде бүгінге дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін 131 737 адам екітрді. Вакциналардың II компонентін 77 109 адам салдырды. Қазір өңірде 41 вакциналау бекеті жұмыс істеп тұр. Оның ішінде жылжымалы 10 бекет бар. Атырауға жеткізілген ресейлік «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 10 мың дозасын барлық вакциналау бекетіне тарату жүргізіліп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік бұдан бұрын Атырау облысында 130 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар