Атырауға шетелден ұшып келген 37 жолаушыда ПТР анықтама жоқ болып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Шетелден Атырауға ұшып келген 37 қазақстандықтың коронавирустың жоқ екенін растайтын ПТР анықтамасы жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 20-25 қазан аралығында шетелден Ыстанбұл-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келген.

«Халықаралық әуе рейсімен барлығы 456 адам жеткізілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Оның 37-сінде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантин стационарына жатқызылған.

Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс болып шықты. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.


Соңғы жаңалықтар