Атырауға шетелден 133 қандасымыз көшіп келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысына шетелден 133 қандасымыз көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, жыл басынан бері өңірге шетелден 95 отбасы көшіп келген.

Бұл отбасыларда 133 этникалық қазақ бар.

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатымен қоныс аударған этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 88 отбасы (124 адам), Қытай Халық Республикасынан 5 отбасы (7 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Олардың арасынан 116 мүшесі бар 81 отбасы Атырау қаласына, 12 отбасының 15 адамы Жылыой ауданына, ал, Мақат ауданына 2 отбасы (2 адам) коныстанды», - деп хабарлады басқарма мамандары.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына 50-ге жуық этникалық қазақ көшіп

келгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар