+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауға Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді

2020 жылғы 4 тамыз 14:22
Бөлісіңіз:
Атырауға Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауға Ресейдің Астрахань облысында тұратын қандастарымыздан 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптастырылуда

Атыраулық волонтер Назгүл Нәжікенованың мәлім етуінше, гуманитарлық көмек Астрахань облысындағы «Жолдастық» қазақ мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Қандықов пен «Қазақ мәдениетін дамыту» қорының төрағасы Эдуард Ысқақовтың бастамасымен жиналған. Көрші елдегі қандастар Атыраудағы ауруханамен байланыс жасап, қажетті медикаменттер тізімін алған.

«Бүгін Атырау облыстық кардиологиялық орталыққа 20 мың медициналық маска, 500 литр жезинфекциялық сұйықтық, 1 мың инфузиондық система, 1 мың медициналық дәке, 300 қорғаныш костюмі, түрлі медикаменттерді тапсырдық», -деді волонтер Назгүл Нәжікенова.

Оның айтуынша, көрші елдегі қандастарымыздың бастамасына Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин қолдау білдірген. Бұл игілікті іске Астраханьдағы чешен қоғамдастығының мүшелері де атсалысқан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға Қытай мен Вьетнамнан гуманитарлық көмек келген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT