Атырауға өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, пәтерлерді жалдап алып, жезөкшелікпен айналысқан алты қыз анықталған.

«Учаскелік полиция қызметкерлері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде «Авангард» шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің жалдамалы пәтерлерінен жеңіл жүрісті алты азаматшаны ұстады. Олар Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Алматы қалаларынан келіп, жалдаған пәтерлерде тіркеусіз тұрып жатқаны анықталды. Жеңіл жүрісті қыздар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) және 449-бапқа сәйкес (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, пәтерлерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында мәліметтер Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада жүргізуші куәлігінсіз рульге отырған

11 адам ұсталғанын, сондай-ақ, мас ер адам көлік қозғалысына кедергі келтіргенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар