Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5 600 дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, Атырауға ертең, 4 наурызда «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізіледі. Ал, 15 наурызда тағы да 3 600 доза жеткізу көзделіп отыр.

«Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттағы қызметкерлер екпе алады. Мәселен, 22 ақпаннан бері Атырау облысында медицина қызметкерлерінің екінші компонентімен вакцинация жүргізілуде. Қазір 775 адам екпе алды. Ал, 225 адамға вакцина кесте бойынша кезекпен салынады» -деді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, білім басқармасы ұсынған алдын ала тізім 2 мыңға жуық педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырады. Білім беру саласының қызметкерлерін вакцинациялауды 9 наурызда бастау жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар